Қазақстан U18 құрамасы AVC кубогында Қырғызстанды жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazvolley

Фото: kazvolley

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан AVC кубогында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді.

B тобының екінші турында қазақстандық волейболшылар Қырғызстан құрамасын 3:0 (25:15, 25:16, 25:15) есебімен айқын басымдықпен ұтты. Бұған дейін алғашқы турда қазақстандықтар Гонконг құрамасын да 3:0 есебімен жеңген болатын.

Екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен топта көш бастап тұр. Келесі ойынын команда 3 шілдеде Қытай құрамасына қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, қыздар арасындағы AVC U18 кубогы 1–7 шілде аралығында Накхонратчасима қаласында өтуде.