Қазақстан қыздар құрамасы AVC U18 кубогын жеңіспен бастады
Бөлісу

Фото: Kazvolley
18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан AVC U18 волейбол кубогын жеңіспен бастады.
В тобының алғашқы турында қазақстандық волейболшылар Гонконг құрамасын 3:0 (25:3, 25:23, 25:15) есебімен жеңді.
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы үш ұпай жинап, В тобының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Келесі матчта қазақстандық қыздар Қырғызстан құрамасымен кездеседі. Сондай-ақ бұл топта Қытай құрамасы да өнер көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, қыздар арасындағы AVC U18 волейбол кубогы 1–7 шілде аралығында Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтеді.