«Астана» мен «Қайраттың» матчқа арналған құрамы белгілі болды

Али Асетов··
«Астана» ФК

«Астана» ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясында өтетін «Астана» мен «Қайрат» арасындағы кездесуді алғашқы минуттардан бастайтын футболшылардың есімі белгілі болды.

Командалардың негізгі құрамы:

«Астана»: Сейсен, Вороговский, Казуколовас, Қасым, Бартолец, Караман, Башич, Исламхан, Томасов, Каримов және Басманов.

«Қайрат»: Қалмұрза, Мата, Мартинович, Африко, Тапалов, Мрынский, Садықбеков, Оксанен, Юккола, Гуаль және Эдмилсон.

Ойын «Астана Арена» алаңында 19:00-де басталады.

Командалар чемпиондық жарыста турнир кестесінің әртүрлі сатысында келеді. «Қайрат» 26 матчтан кейін 57 ұпай жинап, екінші орында тұр. Ал «Астана» 45 ұпаймен үшінші сатыда орналасқан.

ҚПЛ-дың 27-туры аясындағы тағы бір матч 17 қыркүйекте Қостанайда өтеді. Онда жергілікті «Тобыл» семейлік «Елімайды» қабылдайды.

«Астана» мен «Қайраттың» матчқа арналған құрамы белгілі болды – sport-hub