«Астана» – «Қайрат»: ҚПЛ матчының тікелей трансляциясы

«Астана» ФК
Елордалық «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясында алматылық «Қайратты» қабылдайды.
Матч 17 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады. Жанкүйерлер ойынды KFF League YouTube арнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан live форматында бақылауға болады.
Матч алдында «Қайрат» ҚПЛ турнир кестесінде екінші орында тұр. Алматылық команда 25 кездесуде 57 ұпай жинаған және көш бастап тұрған «Ордабасыдан» бір ұпайға қалып келеді.
«Астана» 24 матч өткізіп, 45 ұпай жинаған және үшінші орында орналасқан. Алдыңғы турда елордалық команда «Ордабасыдан» 0:1 есебімен жеңілсе, «Қайрат» «Тобылдан» 1:4 есебімен ірі есеппен ұтылды.
Еске салайық, командалар бірінші айналымда 5 сәуірде Алматыда кездескен. Сол ойында «Қайрат» «Астананы» 4:0 есебімен ойсырата жеңген.