«Астана» өзбекстандық жартылай қорғаушымен қоштасты
Бөлісу

«Астана» ФК
Елордалық «Астана» клубының құрамынан 18 жастағы өзбекстандық вингер Асилбек Абдурасулов ресми түрде кетті.
Абдурасулов «Астана» сапына биылғы жылдың сәуір айында «Ғазалкент» клубынан жалға алу келісімі негізінде қосылған болатын. Ол елордалық команда құрамында жеті матч өткізіп, оның бесеуінде Қазақстан Премьер-лигасында алаңға шықты. Алайда гол соғып немесе нәтижелі пас беріп үлгермеді.
«Асилбекке клубтағы еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз», – деп хабарлады «Астана» клубының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 13 турынан кейін Григорий Бабаян жаттықтыратын команда 22 ұпаймен турнирлік кестенің төртінші сатысында тұр.