«Астана» Конференциялар лигасының екінші кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Астана» ФК

Фото: «Астана» ФК

Елордалық «Астана» клубы УЕФА Конференциялар лигасы іріктеуінің екінші кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын анықтады. Турнирдің келесі сатысына арналған жеребе 17 маусым күні өтеді.

«Астана» мен Албанияның «Динамо Сити» клубтары арасындағы жұптың жеңімпазы екінші іріктеу кезеңінің жеребесінде себілген команда мәртебесіне ие болады.

Егер елордалық клуб бірінші іріктеу кезеңінде «Динамо Ситиден» басым түссе, келесі кезеңде мына қарсыластардың бірімен кездеседі: Әзербайжанның «Нефтчи» клубы, Грузияның «Диласы» мен Сан-Мариноның «Виртусы» арасындағы жұп жеңімпазы, Израильдің Тель-Авив қаласындағы «Хапоэль» командасы, Молдованың «Шерифі» мен Словенияның «Алюминийі» арасындағы жұп жеңімпазы немесе Мальтаның «Валлетта» клубы.

Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтар 23 шілдеде өтсе, қарымта кездесулер 30 шілдеге жоспарланған.

«Астана» Конференциялар лигасының екінші кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді – sport-hub