«Тобыл» Конференциялар лигасының екінші раундына ықтимал қарсыластарын білді
Бөлісу

«Тобыл» ФК
Қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластарымен танысты. Жеребе тарту рәсімі 17 маусымда өтеді.
Ықтимал қарсыластары: «Паневежис» (Литва), «Хайдук» (Хорватия) – «Жилина» (Словакия) жұбының жеңімпазы, ЛНЗ (Украина), «Зимбру» (Молдова), «Ауда» (Латвия).
Екінші іріктеу раундының алғашқы матчтары 23 шілдеде өтеді, қарымта ойындар 30 шілдеге жоспарланған.