«Астана» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Астана» ФК

Фото: «Астана» ФК

Елордалық «Астана» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дамир Мараттың команда қатарына қосылғанын ресми түрде жариялады.

25 жастағы футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы саналады. Ол мансабында «Алтай», «Екібастұз», «Ақсу», «Каспий», «Оқжетпес» және «Тобыл» клубтарының намысын қорғаған.

Биылғы маусымда Дамир Марат «Тобыл» сапында 14 матч өткізіп, төрт нәтижелі пас авторы атанды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында екі ойынға қатысты. Сондай-ақ «Тобылмен» бірге Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған.

16 турдан кейін «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 26 ұпаймен бесінші орында тұр.

Айта кетейік, 10 шілде күні елордалық клуб УЕФА Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізіп, сырт алаңда Албанияның «Динамо Сити» командасымен кездеседі.

«Астана» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырды – sport-hub