Асыл Айтақын әлем чемпионатының финалына шыға алмады

ҚР ҰОК
Қазақстандық еркін күрес шебері Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өте алмады.
Енді ұлттық құрама өкілі 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін күреседі.
Қазақстандық балуанның финалға шығуына UWW рейтингінде екінші орында тұрған ирандық Ахмад Джаван кедергі болды. Тартысты белдесу 1:3 есебімен аяқталып, Айтақын қарсыласына есе жіберді.
Ирандық спортшы бұған дейін 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Азия чемпионаттарында екі рет қола медаль жеңіп алған. Қазақстандық балуанды жеңген ол қазіргі әлем біріншілігінің финалына жолдама алды.
Асыл Айтақын жартылай финалға дейін үш қарсыласын жеңді. Алдымен қырғызстандық Өмүрбек Асан уулуын 4:0 есебімен ұтса, одан кейін әзербайжандық Нураддин Новрузовтан 5:4 есебімен басым түсті. Ширек финалда әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері, германиялық Хорст Лерді 8:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық балуанның үйдегі әлем чемпионатын жүлдемен аяқтауға әлі де мүмкіндігі бар. 61 келіге дейінгі салмақтағы медаль үшін белдесулер 31 қазанда өтеді. Кешкі бағдарлама Астана уақытымен 18:00-де басталады.