«Атлетико» Ла Лига матчында «Хетафені» ірі есеппен жеңді

«Атлетико Мадрид»
Мадридтің «Атлетико» клубы Испания чемпионатының 13-турында «Хетафені» 3:0 есебімен жеңді.
Испания чемпионаты. Ла Лига. 13-тур
«Хетафе» – «Атлетико» – 0:3
Голдар: Баэна (10), Кардозо (30), Гримальдо (90+2, пенальти).
Алаңнан қуылды: Джене (90+1, «Хетафе»).
Қонақтар кездесудің 10-минутында есеп ашты. Хулиан Альварестің пасынан кейін Алекс Баэна айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
30-минутта «Атлетико» есеп айырмасын еселеді. Бұрыштама добынан кейін Хулиан Альварестің пасын Джонни Кардозо голға айналдырды.
Екінші таймның қосымша уақытында алаң иелерінің қорғаушысы Джене Даконам тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал 90+2-минутта Алехандро Гримальдо пенальтиді сәтті орындап, матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Осы жеңістен кейін «Атлетико» 13 турда 31 ұпай жинап, Ла Лиганың турнирлік кестесінде үшінші орынға жайғасты. Ал қатарынан үшінші рет жеңілген «Хетафе» 12 ұпаймен 17-орында тұр.
Келесі турда «Атлетико» 28 қарашада сырт алаңда «Эльчемен» кездеседі. Ал «Хетафе» 30 қарашада «Эспаньолға» қонаққа барады.