Аустралия Түркияны жеңіп сенсация жасады

Фото: SBS
Аустралия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Түркияны 2:0 есебімен жеңді.
D тобының кездесуі Канаданың Ванкувер қаласындағы «Би-си-плейс» стадионында өтті. Матч алдында фаворит саналған түрік құрамасына қарамастан, аустралиялықтар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, жеңіске жетті.
Есепті 27-минутта Нестори Иранкунда ашты. Үзілістен кейін 75-минутта Коннор Меткалф есеп айырмасын ұлғайтты. Құрамында Хакан Чалханоглу, Арда Гүлер және Керем Актюркоглу секілді ойыншылар болғанына қарамастан, Түркия қарсылас қақпасына гол соға алмады.
Бұл жеңіс Аустралияға алғашқы үш ұпайын алып келіп, плей-офф кезеңіне шығуды сәтті бастауға мүмкіндік берді. Екінші турда 20 маусым күні Тони Попович шәкірттері АҚШ құрамасымен кездеседі, ал Түркия Парагвайға қарсы ойында есесін қайтаруға тырысады.