Аустрия құрамасының көшбасшысы жарақатына байланысты ӘЧ-2026 турниріне қатыспайды

Фото: Christian Bruna
Германиялық «Лейпциг» клубының жартылай қорғаушысы Кристоф Баумгартнер жарақатына байланысты 2026 жылғы әлем чемпионатында Аустрия құрамасына көмектесе алмайды. Бұл туралы Аустрия футбол одағының (OFB) ресми сайтында хабарланды.
Баумгартнер 1 маусым күні Тунис құрамасына қарсы жолдастық матч (1:0) алдындағы қыздыру жаттығулары кезінде сан бұлшықетін жарақаттап алды.
«Бұл Кристоф үшін де, команда үшін де өте жағымсыз жаңалық. Ол – маңызды ойыншы әрі құрамадағы негізгі тұлғалардың бірі. Біз оның сауығу процесіне толық қолдау көрсетеміз», – деді Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник.
Баумгартнер 2025/26 маусымында «Лейпциг» сапында 37 матч өткізіп, 17 гол соқты және тоғыз нәтижелі пас берді. АҚШ, Канада және Мексикада өтетін турнир 26 жастағы жартылай қорғаушы үшін мансабындағы алғашқы әлем чемпионаты болуы тиіс еді.
Сонымен қатар OFB қорғаушы Давид Алабаның ауыр жарақаттан асау екенін және әлем чемпионатына қатыса алатынын мәлімдеді.
Аустрия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Алжир, Аргентина және Иордания құрамаларымен кездеседі.