Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз 1/8 финалда Грекия өкілі Даурен Куруглиевпен кездесті. Әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған Дәулетбеков 46-сатыдағы қарсыласымен тартысты белдесу өткізді.
Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алайда соңғы нәтижелі техникалық әрекетті орындағаны үшін жеңіс қазақстандық балуанға берілді.
Осылайша, Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының ширек финалына шығып, жүлдеге таласуды жалғастырады.