Азат Мақсұм NAIZA ұйымымен ресми түрде келісімшартқа қол қойды

Айбар Рысдаулет ··
Фото: Zuffa

Фото: Zuffa

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм ресми түрде NAIZA промоушенімен келісімшартқа қол қойды.

31 жастағы спортшы бұл жаңалықты ұйымның баспасөз қызметі жариялаған бейнеүндеу арқылы растады.

«Ассалаумағалейкүм! Келісімшартқа қол қойылды. Бұйырса, NAIZA 85-те күтіңіздер», – деді Азат Мақсұм.

Қазақстандық файтердің жаңа ұйымдағы алғашқы жекпе-жегі 2026 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыда өтетін NAIZA 85 турнирінде болады. Оның қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Азат Мақсұм 2023–2025 жылдары UFC-де өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол төрт жекпе-жек өткізіп, алғашқы кездесуінде Тайсон Намды жеңді. Кейін Чарльз Джонсонға, Тағир Уланбековке және Митч Рапосоға есе жіберді. 2025 жылдың қазан айындағы соңғы жекпе-жегінен кейін UFC қазақстандық спортшымен келісімшартты ұзартпады.

Image placeholder