Әзербайжандық гроссмейстер әлем чемпионатында қазақстандық команда сапында ойнайды

Фото: Шахматы Chessboom
Әзербайжандық гроссмейстер Шахрияр Мамедьяров рапид пен блиц бойынша командалық әлем чемпионатында KazChess командасының сапында өнер көрсетеді. Турнир 16 мен 22-маусым аралығында Қытайда өтеді.
KazChess құрамына Мамедьяровтан бөлек Александр Грищук, Рихард Раппорт, Ван Хао, сондай-ақ қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Қазыбек Нөгербек енді.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 500 мың еуроны құрайды. KazChess командасы турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады.
Әлем чемпионатына әлем рейтиңінің көшбасшысы Магнус Карлсен мен америкалық гроссмейстер Фабиано Каруана да қатысады.
Шахрияр Мамедьяров — Әзербайжанның үздік шахматшысы, 2002 жылдан бері халықаралық гроссмейстер атағына ие. Ол 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі рет жеңген тарихтағы жалғыз шахматшы ретінде танымал. Әзербайжан құрамасы сапында Еуропа чемпионатын үш мәрте жеңіп алған. 2018 жылы Берлинде өткен үміткерлер турнирінің күміс жүлдегері атанған.