Бибісара Асаубаева Мәскеудегі турнирде өнер көрсетеді

«Шахмат жұлдыздары» - 2026 халықаралық турнирі 1 мен 6-шілде аралығында Мәскеуде өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 миллион рубльді (90 миллион теңге) құрайды.
Финалдық кезең «Кездесу орны Витязь» аудандық орталығында ұйымдастырылады. Турнир 1 шілде күні жетекші гроссмейстерлердің шеберлік сабақтарымен басталады. Ал негізгі ойын күндері 2 мен 6-шілде аралығына жоспарланған. Жас қатысушыларға арналған іріктеу кезеңдері 7, 14, 21 және 28 маусым күндері Мәскеудің ірі алаңдарында өтеді.
Арнайы шақырылған гроссмейстерлер қатарында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева да бар. Ол — блицтен екі дүркін әлем чемпионы және Азия чемпионы.
Сондай-ақ турнирге Сергей Карякин, Теймур Раджабов, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно, Александра Горячкина және басқа да жетекші шахматшылар қатысады.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі — 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің гроссмейстерлермен бір турнирде ойнау мүмкіндігіне ие болуы.
Финал қорытындысы бойынша 9 жасқа дейін, 11 жасқа дейін, 13 жасқа дейін және 17 жасқа дейінгі төрт жас санатында 24 жеңімпаз анықталады.