Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Миланды» жаттықтыруы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: The Athletic

Фото: The Athletic

«Милан» клубының басшылығы жаңа бас бапкер іздеуді жалғастырып жатыр. Үміткерлердің бірі ретінде Сауд Арабиясында жұмыс істейтін германиялық маман Маттиас Яйссле қарастырылуда.

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, егер Ральф Рангник клубтың спорт директоры қызметіне тағайындалса, Яйссленің келу ықтималдығы арта түседі. Хабарламаға сәйкес, 67 жастағы маман отандасын «россонерилердің» бапкерлер штабына шақыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда 38 жастағы Яйссле Жидда қаласының «Әл-Ахли» клубын жаттықтырады. Оның саудиялық клубпен жасалған келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Белгілі маман Италия чемпионатында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр және А Сериясына ауысу мүмкіндігін қарастыруға дайын. Алайда «Милан» бұл трансфер үшін араб клубына өтемақы төлеуге мәжбүр болады.

Яйссленің жетекшілігімен «Әл-Ахли» халықаралық аренада айтарлықтай жетістікке жетіп, қатарынан екі маусым Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Милан» А Сериясында бесінші орын алып, келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатыса алмайтын болды.