Бабаян «Астананың» «Динамо Ситиға» қарсы мүмкіндігін бағалады

Аружан Талгат··
«Астана» ФК

«Астана» ФК

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі албаниялық «Динамо Ситиға» қарсы қарымта матч алдындағы ойымен бөлісті.

Маманның айтуынша, ол алғашқы кездесуге дейін-ақ албандық клубтың өз командасы үшін үлкен сынақ болатынын ескерткен.

«Бірінші матчқа дейін-ақ «Динамоның» өте мықты қарсылас екенін айтқанмын. Бұл команда қарсыласына бейімделе алады, допты жақсы бақылайды және сапалы ойыншыларға ие. Албаниядағы алғашқы ойын менің сөзімді дәлелдеді — қарсылас бізге көп қиындық тудырды. Бірақ екінші таймда біз ойын барысын өзгертіп, бастаманы қолға алып, өте маңызды гол соқтық. Әрине, бұл қарымта матч алдында аздаған басымдық береді, бірақ ешқандай босаңсуға болмайды. Бұл соңына дейін күресетін еуропалық команда. Бізге барынша ұйымшыл әрі тәртіпті ойнау қажет», — деді Бабаян.

Еске сала кетейік, алғашқы матчта «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Қарымта кездесу 16 шілде күні «Астана Аренада» 20:00-де басталады.

Бабаян «Астананың» «Динамо Ситиға» қарсы мүмкіндігін бағалады – sport-hub