Басты бет
·
Хоккей

«Баффало» ҰХЛ матчында «Тампаның» қақпасына алты шайба соқты

Бекарыс Әлімхан··
«Баффало Сэйбрз» ХК

«Баффало Сэйбрз» ХК

«Баффало Сейбрз» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында сырт алаңда «Тампа-Бэй Лайтнингті» 6:2 есебімен жеңді.

Тампа (АҚШ). ҰХЛ. Тұрақты чемпионат

«Тампа-Бэй Лайтнинг» – «Баффало Сейбрз» – 2:6

Шайбалар: Кучеров (13), Гонсалвес (46) – Кулих (4), Куинн (22), Томпсон (32, 37), Эстлунд (47), Бенсон (59).

Кездесу Тампа қаласындағы «Бенчмарк Интернейшнл-Аренада» өтті. Қонақтар төртінші минутта Иржи Кулихтің голымен есеп ашты. Алайда бірінші кезеңнің ортасында Никита Кучеров сан басымдығын пайдаланып, таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде «Баффало» жауапсыз үш шайба соқты. Алдымен Джек Куинн мергендігімен көзге түссе, кейін Тейдж Томпсон дубль авторы атанды.

Үшінші кезеңде Гейдж Гонсалвес есеп айырмасын қысқартты. Бірақ көп ұзамай Ноа Эстлунд қонақтардың үш шайбалық басымдығын қалпына келтірді. Ал Зак Бенсон бос қақпаны дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Бенсон бұл кездесуде екі нәтижелі пас та берді. Ал «Баффало» қақпашысы Укко-Пекка Луукконен 29 соққыны қайтарып, ҰХЛ-дағы 100-жеңісіне қол жеткізді.

Бұл «Тампа» үшін биылғы маусымдағы өз алаңында тіркелген екінші жеңіліс болды. Ал «Баффало» алты матчтан тұратын сырт алаңдағы сериясын екі жеңіспен аяқтады.

Екі команда да келесі кездесуін 26 қарашада өткізеді. «Тампа-Бэй» өз алаңында «Каролина Харрикейнзді» қабылдаса, «Баффало» «Нью-Йорк Рейнджерспен» кездеседі.

«Баффало» ҰХЛ матчында «Тампаның» қақпасына алты шайба соқты – sport-hub