«Барселона» бас бапкерімен келісімшарт мерзімі ұзарғанын мәлімдеді

Фото: «Барселона» ФК ресми сайты
«Барселона» бас бапкер Ханс-Дитер Фликпен жаңа келісімшарт жасасты. Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлады.
Германиялық маманмен жасалған жаңа келісім 2028 жылдың жазына дейін есептелген. Келісімде тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қосымша қарастырылған.
Келісімшартқа 18 мамыр, дүйсенбі күні «Барселона» кеңсесінде қол қойылды. Рәсімге клубтың спорт директоры Рафаэль Юсте, футбол бөлімінің директоры Деку және спорт комиссиясының басқа да мүшелері қатысты. Сондай-ақ келісімшартқа қол қою кезінде клуб президенті Жоан Лапорта да болды.
Флик «Барселонаны» 2024 жылдың жазынан бері жаттықтырып келеді. Осы маусымда каталондық клуб Ла Лигада көш бастады, 35-турда «Реалды» 2:0 есебімен жеңген кейін мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды.