«Барыс» пен Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Роман Старченко мансабын аяқтады
Бөлісу

Фото: «Барыс» ХК
«Барыс» клубы мен Қазақстан құрамасының көпжылдық көшбасшысы Роман Старченко 40 жасында кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
Роман Старченко «Барыс» сапында 17 маусым өнер көрсетіп, Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бір клуб үшін ең көп матч өткізген хоккейші атанды. Ол астаналық клуб құрамында 819 ойынға қатысса, жалпы ҚХЛ-дегі мансабында 871 матч өткізіп, 215 шайба соғып, 209 нәтижелі пас берді.
Өткен маусымда тәжірибелі шабуылшы «Номад» клубымен бірге Pro Hokei Ligasy чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Роман Старченко 110 матч өткізіп, 18 әлем чемпионатына қатысты. Сонымен қатар ол екі мәрте Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионы атағын да иеленді.