«Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасасты

«Барыс» ХК
«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Батырлан Мұратовпен жаңа келісімшартқа қол қойды.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, екіжақты келісім бір маусымға есептелген және 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды болады.
«Батырлан – клубтың өз түлегі әрі Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол біздің талаптарымызды жақсы түсінеді. Осы маусымда жаңа деңгейге көтеріліп, командаға пайдасын тигізеді деп сенеміз», – деді «Барыстың» бас менеджері Леонид Метальников.
Өткен ҚХЛ маусымында қанаттағы шабуылшы сегіз матчқа қатысып, бір нәтижелі пас авторы атанды.
Сонымен қатар Мұратов «Номад» клубының сапында Қазақстан Pro Ligasy чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алуға үлес қосты.
Ал бірінші дивизиондағы соңғы әлем чемпионатында Батырлан Мұратов Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы деп танылған болатын.