«Барыс» «Тракторға» қарсы матчқа қатысатын құрамын жариялады

«Барыс» ХК
Астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында челябілік «Тракторға» қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа қатысатын құрамын жариялады.
Кездесуді негізгі құрамда Никита Шутов бастайды. Қосалқы қақпашы ретінде Шепард тіркелген.
«Барыстың» құрамы:
Қақпашылар: Шутов (Шепард).
Масси – Дэй, Симонов – Морелли – Томпсон.
Маккошен – Данияр, Саркенов – Пилон – Бэйли.
Бритиков – Приски, Өмірбеков – Шестаков – Қайыржан.
Логвин – Оразов, Савицкий – Шайхмедденов – Асетов.
Челябіде өтетін матч Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Командалардың турнирлік кестедегі ұпай айырмашылығы – алты. «Барыс» 21 матчтан кейін 25 ұпай жинаса, «Трактордың» еншісінде дәл осынша ойыннан кейін 19 ұпай бар.
Еске салайық, командалар соңғы рет 2025 жылдың 23 желтоқсанында кездескен. Астанада өткен матчта челябілік клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен.