Басты бет
·
Хоккей

«Трактор» – «Барыс» матчы: тікелей трансляцияны қайдан көруге болады?

Али Асетов··
«Барыс» ХК

«Барыс» ХК

Астаналық «Барыс» 4 қараша күні Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында кезекті сырт алаңдағы матчын өткізеді.

Қазақстандық клубтың қарсыласы – челябілік «Трактор».

Кездесу Челябі қаласында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. «Трактор» – «Барыс» ойынын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Трансляция сілтемесі.

Сондай-ақ матчтың ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.

Командалар бұл кездесуге әртүрлі нәтижемен келеді. «Барыс» 21 матчтан кейін 25 ұпай жинаса, «Трактордың» еншісінде осынша ойыннан кейін 19 ұпай бар.

Астаналық клуб соңғы екі сырт алаңдағы кездесуінде жеңіске жетті. Алдымен Михаил Кравец шәкірттері минскілік «Динамоны» 1:0 есебімен ұтса, кейін «Шанхай Драгонстан» 4:2 есебімен басым түсті.

Ал челябілік команда қатарынан үш матчта жеңіліс тапты. «Трактор» мәскеулік ЦСКА-ға екі рет (1:5, 2:3 ОТ) есе жіберіп, минскілік «Динамоға» да 2:3 есебімен жол берді.

Еске салайық, командалар арасындағы соңғы кездесу 2025 жылғы 23 желтоқсанда Астанада өтіп, «Трактор» 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Трактор» – «Барыс» матчы: тікелей трансляцияны қайдан көруге болады? – sport-hub