«Барыс» Уфадағы турнирді жеңіспен аяқтады

Аружан Талғат··
Фото: barys_official

Фото: barys_official

«Барыс» Башқұртстан Республикасының кубогындағы өнеріне жеңіспен нүкте қойды. Турнирдегі соңғы матчта Михаил Кравец шәкірттері Тольяттидің «Лада» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Алғашқы 20 минутта шайба соғылған жоқ. Есеп екінші кезеңде ашылды. 23-минутта Расим Шакиров «Ладаны» алға шығарды. Алайда алаң иелерінің басымдығы екі минутқа да жетпеді. Ансар Шайхмедденов Мурат Мухаметов пен Александр Савицкийдің нәтижелі пасынан кейін есепті теңестірді.

Кездесудің шешуші сәті ойын соңында болды. Финалдық сиренаға 1 минут 43 секунд қалғанда Семен Симонов «Барыстың» шабуылын дәл соққымен аяқтап, астаналық командаға жеңіс әкелді. Оған Джейкоб Пилон нәтижелі пас берді.

Бұл «Барыстың» Уфадағы турнирдегі алғашқы жеңісі болды. «Ладамен» кездесуге дейін қазақстандық команда екі рет ірі есеппен жеңілген еді. Михаил Кравец шәкірттері «Салават Юлаевтан» 1:4, ал Хабаровскінің «Амурынан» 1:5 есебімен жеңіліп қалған.

Башқұртстан Республикасының кубогы

«Лада» – «Барыс» – 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)

Шайбалар: 1:0 – 22:39, Шакиров (Леонтьев, Савчик); 1:1 – 24:15, Шайхмедденов (Муратов, Савицкий); 1:2 – 58:17, Симонов (Пилон).