«Барыстың» «Адмиралға» қарсы матчқа шығатын құрамы белгілі болды

«Барыс» ХК
Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Владивостоктың «Адмирал» командасына қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа құрамын жариялады.
Кездесуде елордалық команданың қақпасын алғашқы минуттардан бастап Андрей Шутов қорғайды. Ал қосалқы қақпашы ретінде Адам Шепард тіркелген.
«Барыстың» құрамы:
Қақпашылар: Шутов (Шепард).
Бірінші бестік: Масси – Дэй, Логвин – Пилон – Бэйли.
Екінші бестік: Маккошен – Данияр, Симонов – Морелли – Томпсон.
Үшінші бестік: Бритиков – Приски, Өмірбеков – Шестаков – Қайыржан.
Төртінші бестік: Ляпунов – Бекетаев, Сәркенов – Шайхмедденов – Әсетов.
Айта кетейік, қос команда арасындағы кездесудің алдында «Барыс» турнирлік кестеде қарсыласынан екі ұпайға алда тұр. Астаналық клуб 22 матчта 25 ұпай жинаса, «Адмиралдың» еншісінде 23 ұпай бар.
«Адмирал» – «Барыс» матчын қайдан көруге болады?
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 14:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.