Басты бет
·
Футбол

«Бавария» – «Арсенал»: матчты қайдан көруге болады?

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

21 қазаннан 22 қазанға қараған түні Мюнхеннің «Бавариясы» мен Лондонның «Арсеналы» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында кездеседі.

Матч Германия клубының алаңында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Матчтың негізгі сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан да бақылауға мүмкіндік бар.

«Арсенал» турнирді сәтті бастап, алғашқы екі матчта да жеңіске жетті. Микель Артета шәкірттері әзірге өз қақпасына гол жіберген жоқ. Алғашқы турда лондондықтар «Наполиді» 1:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде «Лилльді» 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

«Бавария» да еурокубоктағы алғашқы ойынында ірі жеңіске жетіп, «Будё-Глимтті» 5:0 есебімен тізе бүктірді. Алайда екінші турда мюнхендік клуб Норвегияда күтпеген жерден ұпай жоғалтты. «Викингпен» өткен нәтижелі кездесу 3:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, командалар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде соңғы рет 2025 жылғы қарашада кездескен. Сол ойында «Арсенал» өз алаңында «Баварияны» 3:1 есебімен жеңген болатын.

«Бавария» – «Арсенал»: матчты қайдан көруге болады? – sport-hub