Бейнешолу: Пенальти соға алмаған Месси дубль жасады

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

2026 жылғы әлем чемпионатының J тобындағы екінші турда Аргентина құрамасы Аустрияны 2:0 есебімен жеңді.

Кездесу Арлингтон қаласындағы «Эй-Ти-энд-Ти» стадионында өтті. Ойынның 9-минутында Лионель Месси пенальтиден гол соға алмады. Алайда бірінші тайм аяқталар тұста Аргентина капитаны есеп ашты.

Екінші таймда аустриялықтар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, аргентиналықтар өз басымдығын сақтап қалды. Ал матчқа қосылған уақытта Месси тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды — 2:0.

Екі турдан кейін қазіргі әлем чемпиондары 6 ұпай жинап, J тобында көш бастап тұр.

Топтық кезеңнің соңғы турында 28 маусым күні Аргентина Иорданиямен кездессе, Аустрия Алжир құрамасына қарсы ойнайды.

Матчтың бейнешолуын осы сілтеме арқылы көре аласыздар.

Бейнешолу: Пенальти соға алмаған Месси дубль жасады – sport-hub