Басты бет
·
Футбол

Беллингем екінші жыл қатарынан Англияның үздік футболшысы атанды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы екінші жыл қатарынан Англияның үздік футболшысы атағына ие болды.

23 жастағы футболшы 2023 жылдың жазында Мадридке ауысып, содан бері испандық команда сапындағы негізгі ойыншылардың біріне айналды. Беллингемнің «Реалмен» келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды.

Өткен жыл футболшы үшін Англия құрамасы сапында ерекше маңызды болды. Мадридтік клуб маусымды жүлдесіз аяқтағанына қарамастан, Беллингем 2026 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында маңызды рөл атқарды. 

Беллингем жаңа маусымды да нәтижелі бастап келеді. Ол барлық турнирде «Реал» сапында жеті матч өткізіп, үш гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Ағылшын жартылай қорғаушысының трансферлік нарықтағы құнының жоғары болуы да заңды. Transfermarkt мәліметінше, қазіргі таңда оның нарықтық бағасы 160 млн еуроны құрайды.