«Бёрнли» бапкері Дастан Сәтбаевтың Чемпионшиптегі алғашқы ойындарына баға берді

Фото: AMA
«Бёрнли» бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың Чемпионшиптегі маусымды бастауына қатысты пікір білдірді.
Англия чемпионатының екі турынан кейін «Бёрнли» бір ұпай жинады. Сонымен қатар команда Англия Кубогы аясындағы жолын екінші раундта «Брэдфордтан» жеңіліп, аяқтады.
Нәтижелер көңіл көншітпегенімен, Хайен Сәтбаевтың команда сапындағы алғашқы ойындарына оң бағасын беріп, 18 жастағы шабуылшыға басқа да жаңа ойыншылар секілді бейімделуге уақыт қажет екенін атап өтті.
«Дастан өте жақсы ойнады. Ол қарсылас қақпасына қауіп төндіреді және әрдайым белсенді әрекет етуге ұмтылады. Бірақ бұл алғашқы ойындар. Сондықтан Дастанға және басқа да жаңа ойыншыларға лиганың жоғары қарқынына толық бейімделу үшін біраз уақыт қажет. Бізге керегі де – аздап уақыт. Олардың жаттығудағы жұмысын көріп жүрміз және енді соны алаңға шығару маңызды екенін түсінеміз», – деді маман матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
«Бёрнли» келесі матчын 29 тамызда өткізеді. Команда Чемпионшиптің үшінші туры аясында «Норвичтің» алаңына қонаққа барады. Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.