«Бернли» – «Мидлсбро»: Сәтпаев қатысуы мүмкін матчтың тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
«Бернли» ФК

«Бернли» ФК

Англияның «Бернли» және «Мидлсбро» клубтары Чемпионшиптің төртінші туры аясында кездеседі.

Матч 3 қыркүйекте Бернлидегі «Терф Мур» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Winline платформасынан көруге болады. Көру үшін сайтта тіркелу қажет. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасындағы live форматында бақылауға болады.

«Бернли» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев алаңға шығуы мүмкін. 18 жастағы футболшы осы маусымда ағылшын клубы сапында үш матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

«Бернли» Чемпионшиптің алғашқы үш турында 1 ұпай жинады. Команда «Вест Хэммен» 2:2 есебімен тең ойнап, кейін «Вест Бромвичке» 1:3, «Норвичке» 1:4 есебімен жол берді. Сонымен қатар клуб Англия лигасы кубогындағы жолын «Брэдфорд Ситиге» пенальти сериясында жеңіліп, аяқтады.

Ал «Мидлсбро» Чемпионшиптегі үш матчтан кейін 6 ұпай жинады. Команда «Линкольн Ситиді» 2:1, «Вест Бромвичті» 3:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ «Блэкбернге» 1:2 есебімен ұтылды.