Басты бет
·
Шахмат

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде жетінші орынға түсті

Аружан Талғат··
Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының жаңартылған әйелдер арасындағы рейтингінде екі сатыға төмендеді.

Қазан айындағы Top 100 Women рейтингінде Асаубаеваның классикалық шахматтағы көрсеткіші 2532 ұпайды құрады. Алдыңғы жаңартумен салыстырғанда қазақстандық шахматшы төрт ұпай жоғалтып, бесінші орыннан жетінші орынға түсті.

Одан жоғарыда енді Александра Горячкина мен Тань Чжунъи орналасқан. Екеуінің де еншісінде 2536 ұпай бар. Ал рейтингтің көшін төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Ифань бастап тұр — 2596 ұпай.

2026 жылғы қазан айындағы ФИДЕ әйелдер рейтингісінің үздік ондығы:

Хоу Ифань (Қытай) — 2596

Чжу Цзиньэр (Қытай) — 2559

Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — 2553

Лэй Тинцзе (Қытай) — 2552

Александра Горячкина (ФИДЕ) — 2536

Тань Чжунъи (Қытай) — 2536

Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 2532

Асаубаева үшін соңғы ірі жарыс 2026 жылы Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы болды. Бибісара Қазақстан әйелдер құрамасының бірінші тақтасында ойнап, командаға күміс медаль жеңіп алуға көмектесті. Қазақстан құрамасы 18 ұпай жинап, қорытынды кестеде тек Қытай құрамасынан қалып қойды.