Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтиңінің үздік төрттігіне енді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Norway Chess

Фото: Norway Chess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 турниріндегі сәтті нәтижелерінің арқасында ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы лайв-рейтиңінде төртінші орынға көтерілді.

Соңғы турлардың қорытындысы бойынша 22 жастағы спортшының рейтингі 2537,7 ұпайға жетті. Норвегиядағы турнир барысында Асаубаева 10,7 рейтингтік ұпай жинап, бірден үш сатыға жоғарылады.

Әлемдік лайв-рейтингте бірінші орында 2596,0 ұпаймен қытайлық Хоу Ифань тұр. Екінші орында Лэй Тинцзе (2566,0), ал үшінші сатыда әлемнің қазіргі чемпионы Цзюй Вэньцзюнь (2560,5) орналасқан.

Ослода өтіп жатқан Norway Chess Women турнирінде Бибісара Асаубаева жалпы есепте көш бастап келеді. Жеті турдан кейін оның еншісінде 12,5 ұпай бар. Қазақстандық шахматшы ең жақын қарсыласы — үндістандық Дивья Дешмухты төрт ұпайға артқа тастауда.