Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінде қайтадан көш бастады

Фото: Norway Chess / Michal Walusza
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінің турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді.
Асаубаева Ослода өтіп жатқан жарыстың алтыншы турында үндістандық Хампи Конерумен шеберлік байқасты. Негізгі партия тең нәтижемен аяқталғасын жеңімпаз армагеддон форматында анықталды.
Қосымша партияда ақ тастармен ойнаған Бибісара қарсыласынан басым түсті. Осы жеңістің арқасында қазақстандық шахматшы 9,5 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.
Екінші орында 8,5 ұпаймен үндістандық Дивья Дешмух орналасқан. Үздік үштікті сегіз ұпай жинаған украиналық Анна Музычук түйіндеп тұр. Украиналық қосымша көрсеткіштер бойынша әлемнің қазіргі чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньнен алда келеді.
Norway Chess турнирі 5 маусымда аяқталады. Жарысқа қатысушылар жалпы саны он тур бойы кім мықтыны анықтайды.