«Болонья» маусымды сәтсіз бастағаннан кейін бас бапкерін қызметтен кетіреді

Фото: ФК «Болонья»
Италиялық «Болонья» командасы А сериясындағы төрт турдан кейін Доменико Тедесконы қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Оның орнына Раффаэле Палладино тағайындалады.
Клуб басшылығының шешімі туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады. Оның мәліметінше, «Болонья» Палладиномен келісімге келген.
Команда Италия чемпионатының алғашқы төрт матчында бірде-бір жеңіске жете алмады. «Болонья» «Лациоға» (0:1), «Аталантаға» (0:1) және «Наполиге» (0:1) есе жіберсе, «Сассуоломен» кездесуде (2:2) бір ұпай ғана еншіледі. Қазір клуб А сериясының турнир кестесінде 16-орында тұр.
Еске салайық, Тедеско «Болоньяны» 2 маусымда қабылдап, 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойған болатын. Келісім тағы бір маусымға ұзартылуы мүмкін еді. 41 жастағы маман командада үш айдан сәл ғана артық уақыт жұмыс істеді.
«Болоньяның» жаңа бас бапкері атанатын Раффаэле Палладино бұған дейін «Монца», «Фиорентина» және «Аталанта» клубтарын жаттықтырған.
Италияға келгенге дейін Тедеско «Фенербахче», Бельгия құрамасы, «РБ Лейпциг», мәскеулік «Спартак», «Шальке» және «Эрцгебирге» командаларында қызмет атқарды.