«Борнмут» тарихта алғаш рет еурокубок жолдамасын жеңіп алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Ағылшындық «Борнмут» клубы өз тарихында алғаш рет еурокубок ойындарына жолдама алды.

Андони Ираола жаттықтыратын команда бұл тарихи жетістікке Англия Премьер-лигасының 37-туры аясында «Манчестер Ситиге» қарсы 1:1 есебімен тең түскен матчта қол жеткізді.

Маусым аяқталуына бір тур қалғанда «Борнмут» турнирлік кестеде алтыншы орында тұр. Бұл орын командаға Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар клубтың Чемпиондар лигасы аймағына көтерілуге математикалық мүмкіндігі әлі де сақтаулы.

Англия чемпионатының соңғы турында «Борнмут» сырт алаңда «Ноттингем Форестпен» кездеседі.

Команда Премьер-лигада 2026 жылдың 3 қаңтарынан бері жеңілген жоқ. Осы уақыт аралығында «Борнмут» 17 матч өткізіп, сегіз рет жеңіске жетті және тоғыз мәрте тең ойнады.