«Боруссия» жартылай қорғаушысына «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ФК «Боруссия»

Фото: ФК «Боруссия»

«Манчестер Юнайтед» қаңтар айында Дортмундтың «Боруссия» клубының жартылай қорғаушысы Феликс Нмечаны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Sky Sports мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» өкілдері «Боруссиямен» байланысқа шығып үлгерген. Нмечаға «Манчестер Сити» мен «Ньюкасл» да қызығушылық танытып отыр. Дортмунд клубы ойыншы үшін шамамен 100 млн еуро талап етуі мүмкін.

Наурыз айында Нмеча «Боруссиямен» келісімшартын 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты. Ол дортмундтық команда сапында жалпы 116 матч өткізіп, 13 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Сонымен қатар футболшы ағылшын футболын жақсы біледі.

Гамбург қаласында дүниеге келген Нмеча «Манчестер Ситидің» академиясында тәрбиеленген. Ол клубтың негізгі құрамында үш матч өткізіп, кейін мансабын «Вольфсбургте» жалғастырды.