Андреа Белотти мансабын Италияның В сериясында жалғастыруы мүмкін

Бекарыс Әлімхан··
«Торино» ФК

«Торино» ФК

Италиялық шабуылшы Андреа Белотти В сериясында өнер көрсететін «Модена» клубына ауысуға жақын. 32 жастағы футболшы клубпен келісімшарт талаптарын келісті.

Ansa мәліметінше, келісімшарт бір маусымға есептелген. 8 қыркүйекте Белотти медициналық тексеруден өтуі керек. Осы рәсімнен кейін «Модена» оның ауысуын ресми түрде рәсімдей алады.

Белоттидің соңғы клубы «Кальяри» болды. Оның командамен келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды еді. Өткен маусымда шабуылшы А сериясында сегіз матч өткізіп, екі гол соқты. Қыркүйек айында ол алдыңғы айқас байламының жыртылуына байланысты жарақат алып, ота жасатты. Алаңға чемпионаттың соңғы кезеңінде ғана оралды.

Белотти әр жылдары «Альбинолеффе», «Палермо», «Торино», «Рома», «Фиорентина», «Комо» және «Бенфика» клубтарында ойнады.

Италия құрамасы сапында Белотти 44 матч өткізіп, 12 гол соққан. Ол ұлттық командамен бірге Еуро-2020 чемпионы атанды.