Сәтпаев жарақатына байланысты «Челсиге» уақытша оралуы мүмкін

Бекарыс Әлімхан··
Сәтпаев жарақатына байланысты «Челсиге» уақытша оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты «Бернлиден» уақытша «Челси» клубының орналасқан жеріне оралуы мүмкін.

TalkBFC мәліметінше, 18 жастағы футболшы оңалу кезеңінен өту үшін Лондонға аттанады. Оңалту жұмыстары аяқталғаннан кейін ол Ланкашир клубына қайта қосылады.

Бұған дейін «Бернли» бас бапкері Ники Хайен Сәтпаевтың санның артқы бұлшықетінен жарақат алғанын және бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайтынын растаған болатын.

Қазақстандық футболшы Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы өткен (1:1) кездесуде жарақат алды. Сәтпаев матчты негізгі құрамда бастап, 81-минутта алаңнан ауыстырылды. Ойын қорытындысы бойынша «Бернли» оны матчтың үздік ойыншысы деп таныды.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев «Челсиге» тиесілі және лондондық клубпен 2033 жылға дейін келісімшартқа отырған. Қазіргі маусымды шабуылшы «Бернлиде» жалға алу құқығымен өткізіп жатыр. Ол команда сапында төрт матчқа қатысып, үш ойынды негізгі құрамда бастады.