Бублик Лэйвер Кубогы – 2026 турнирінде Әлем командасы құрамында ойнайды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ATP

Фото: ATP

Сонымен қатар турнирге италиялық Флавио Коболли (рейтингте 10-орында) және чехиялық Якуб Меншик (17-орын) қатысады. Олар Еуропа командасы үшін ойнайды.

Бұған дейін жарысқа американдық Тейлор Фриц пен Бен Шелтон, австралиялық Алекс де Минор, испаниялық Карлос Алькарас және неміс Александр Зверев қатысатынын растаған.

2026 жылы Лэйвер Кубогы қайтадан Лондонға (Ұлыбритания) оралады. Турнир The O2 Arena аренасында өтеді. Бұл жерде 2022 жылы швейцариялық Роджер Федерер өз мансабындағы соңғы матчын өткізген болатын.