Бублик пен Шевченко Уимблдондағы қарсыластарын білді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ATP

Фото: ATP

Ерлер арасындағы Уимблдон турнирінің жеребесі өтіп, нәтижесінде қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченконың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды.

Александр Шевченко турнирді үшінші нөмірмен тіркелген канадалық Феликс Оже-Альяссимге қарсы бастайды. Егер қазақстандық жеңіске жетсе, екінші айналымда австралиялық Адам Уолтон мен хорватиялық Дино Прижмич арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Александр Бублик турнирде оныншы нөмірмен тіркелген және алғашқы айналымда австралиялық Танаси Коккинакиспен ойнайды. Екінші айналымдағы ықтимал қарсыласы франциялық Кириан Жаке мен литвалық Вилиус Гаубас арасындағы кездесудің жеңімпазы.

Еске салайық, Уимблдон 29 маусым мен 12 шілде аралығында Барлық Англия лаун-теннис және крокет клубында (Лондон) ашық шөп жабынындағы корттарда өтеді. Бұл турнир маусымдағы «Үлкен дулыға» сериясының үшінші жарысы.