Бұл күнннің спорттағы тарихы: Бубликтің жаңа жетістігі, Байлздың рекорды және КСРО-ның «Уэмблидегі» жеңісі

Фото: AI-иллюстрация
Екінші маусым спорт тарихында Симона Байлз бен Александр Бубликтің жаңа жетістіктерімен, сондай-ақ 1962 жылғы әлем чемпионатындағы әйгілі футбол қақтығысымен есте қалды.
Қазақстан:
Бублик Париж корттарын бағындырды
2025 жыл – қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның ашық чемпионаты – «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалында британдық Джек Дрэйперді жеңді. Матч 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет «Ролан Гарростың» ширек финалына шықты.
Әлем:
КСРО «Уэмблиде» жеңіске жетті
1984 жылы – дәл осы күні кеңестік футболшылар «Уэмбли» стадионында өткен жолдастық матчта Англия құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Гол авторлары Сергей Гоцманов пен Александр Протасов болды.
Симона Байлздың кезекті рекорды
2024 жылы – әлемдегі ең атақты гимнаст қыздардың бірі Симона Байлз көпсайыс бойынша АҚШ чемпионатында тоғызыншы рет жеңіске жетіп, турнирдің абсолютті рекордын орнатты.
«Тоталды футбол» дәуірінің басталуы
1971 жыл – бүгін «Аякстың» Чемпиондар кубогындағы (қазіргі Чемпиондар лигасының ізашары) алғашқы жеңісіне 55 жыл толды. Нидерландтық клуб финалда Грекиялық «Панатинаикосты» 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл жеңістің басты сәулетшісі ХХ ғасырдағы ең ұлы бапкерлердің бірі Ринус Михелс еді. Ол ойыншылардың алаңдағы тұрақты қозғалысы мен позиция алмасуына негізделген «тоталды футбол» тұжырымдамасының негізін қалаушылардың бірі болды.
Орта салмақтың «патшасы» жеңісті сериясын жалғастырды
1973 жылы – дәл осы күні аңызға айналған аргентиналық боксшы, орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Карлос Монсон америкалық Эмиль Гриффитті төрешілер шешімімен жеңіп, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды.
Әлем чемпионатындағы футбол қырғыны немесе «Сантьягодағы шайқас»
1962 жылы – Чилиде өткен әлем чемпионатында алаң иелері Италия құрамасымен кездесті. Матч барысында екі команданың футболшылары арасында жаппай төбелес басталып, ойыншылар бір-бірін шынтақпен ұрып, бет жыртысып, өрескел әрекеттерге барды. Салдарынан полиция ойын барысына үш рет араласуға мәжбүр болды. Англиялық бас төреші Кеннет Астон матчты бақылауда ұстай алмады. Дәл осы оқиға және 1966 жылғы әлем чемпионатындағы жанжалдар кейіннен Астонды сары және қызыл қағаздар жүйесін енгізуге итермеледі.
Автоспорттағы қайғылы қаза
1970 жыл – осы күні дарынды жаңа зеландиялық пилот әрі инженер Брюс Макларен қаза тапты. Ұлыбританиядағы Гудвуд трассасында Can-Am болидін сынақтан өткізу кезінде туындаған апат салдарынан қайғылы оқиға орын алды. Макларен небәрі 32 жаста еді. Кейіннен ол негізін қалаған команда Формула-1 тарихындағы ең табысты ұжымдардың біріне айналды.
Осы күні дүниеге келгендер:
1988 жыл – Серхио Агуэро. Аргентиналық аңыз футболшы, 2008 жылғы Олимпиада чемпионы және «Манчестер Сити» сапында бірнеше дүркін Англия чемпионы.
1998 жыл – Ақмал Бақтияров. Қазақстандық футболшы, «Елімай» клубының жартылай қорғаушысы.
2000 жыл – Диана Назарова. Қазақстандық жүзуші, Токио Олимпиадасының қатысушысы.