«Челси» «Ливерпульдің» экс-капитанын алуға ниетті

«Брентфорд» ФК
«Ливерпульдің» бұрынғы капитаны Джордан Хендерсон мансабын «Челсиде» жалғастыруы мүмкін.
The Athletic мәліметінше, «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо 36 жастағы Хендерсонды командаға қосуды қалайды. Лондондық клуб тәжірибелі әрі көшбасшылық қасиеті бар ойыншымен құрамды күшейтуді көздеп отыр.
Жазда Хендерсон Англия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған тізіміне енді. Ұлттық команданың бас бапкері Томас Тухель футболшының көшбасшылық қабілеті мен алаңнан тыс ықпалын жоғары бағалаған.
Хендерсонның мансабындағы ең ұзақ кезең «Ливерпульмен» байланысты. Ол бұл клубта 12 маусым ойнап, жеті жыл капитан болды. Мерсисайдтықтармен бірге ағылшын футболшысы Чемпиондар лигасы мен Англия Премьер-лигасын жеңіп алды.
«Ливерпульден» 2023 жылы кеткеннен кейін Хендерсон Сауд Арабиясының «Аль-Иттифак» және Амстердамның «Аякс» клубтарында ойнады. Кейін Англияға оралып, «Брентфордқа» қосылды. Өткен маусымда «аралар» сапында 34 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.