«Челси» шабуылшы Дэнни Уэлбекпен келісімшарт талаптарын келісті
Бөлісу

«Брайтон» ФК
Лондондық «Челси» «Брайтонның» шабуылшысы Дэнни Уэлбекті сапына қосуға бір табан жақындады.
TalkSport мәліметінше, 35 жастағы Уэлбек мансабын «Челсиде» жалғастыруға келісім берген. Енді лондондық клубқа трансфер құны бойынша «Брайтонмен» ортақ мәмілеге келу ғана қалды.
Тәжірибелі шабуылшының «Брайтонмен» жасасқан келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Сондықтан трансфердің жүзеге асуы үшін «Челси» қарсы клубпен өтемақы көлемін келісуі қажет.
Уэлбектің келуі «Челсидегі» құрамдық өзгерістерге де әсер етуі мүмкін. Бас бапкер Хаби Алонсоның жоспарына кірмейтін Лиам Делап пен Эмануэль Эмега командадан кетуі ықтимал.
Өткен маусымда Дэнни Уэлбек Англия Премьер-лигасында 37 матч өткізіп, 13 гол соғып, 1 нәтижелі пас авторы атанды.