«Челси» «Кристал Пэлас» қорғаушысын 60 млн еуроға сатып алмақ

Бегасыл Амирбай ··
«Кристал Пэлас»

«Кристал Пэлас»

Лондондық "Челси" клубы "Кристал Пэластің" орталық қорғаушысы Максанс Лакруа трансферін аяқтауға жақын. Келісімшарт сомасы шамамен 60 миллион еуроны құрайды.

The Athletic мәліметінше, 26 жастағы футболшы медициналық тексерістен өтіп, кейін лондондық клубпен 2032 жылдың жазынa дейін келісімшартқа қол қояды. Ал «Кристал Пэлас» француз қорғаушысының орнына жаңа ойыншы іздеуді бастап кеткен.

Өткен маусымда Лакруа «Кристал Пэлас» сапындағы негізгі ойыншылардың бірі болды. Ол барлық турнирде 55 матч өткізіп, 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Қорғаушы командаға клуб тарихындағы алғашқы халықаралық трофей Конференциялар лигасын жеңіп алуға көмектесті.

Сондай-ақ Лакруа 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Франция құрамасының тізіміне енді. Турнирде ол үш матчқа қатысып, Англияға қарсы үшінші орын үшін өткен кездесуде (4:6) алаңға шықты.

«Челси» «Кристал Пэлас» қорғаушысын 60 млн еуроға сатып алмақ – sport-hub