«Челси» жаңа трансфер жасады
Бөлісу

«Челси» ФК
«Челси» жаңа маусым қарсаңында құрамын күшейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Лондондық клуб бұған дейін «Астон Вилла» сапында өнер көрсеткен шабуылшы жартылай қорғаушы Морган Роджерспен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
23 жастағы ағылшын футболшысымен жасалған келісім 2033 жылдың маусымына дейін есептелген. Осылайша, «Челси» ағылшын футболының жаңа буынындағы ең перспективалы ойыншылардың бірі саналатын Роджерске ұзақ мерзімді сенім артты.
Айта кетейік, Морган Роджерстің трансфері «Челсидің» жазғы трансферлік науқанындағы ең ірі келісімдердің бірі саналады.