Сәтпаевтың «үйдегі» дебюті ме? «Челси» маусым алдындағы қарсыласын атады

Фото: Getty Images
Қазақстандық Дастан Сәтпаевтың «Челсидің» үй аренасындағы мүмкін дебютіне аз уақыт қалды. 12 тамыз күні ол кәмелет жасқа толып, ағылшын клубымен кәсіби келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне ие болады.
Егер бапкерлер штабы шабуылшыға сенім білдірсе, оның «көгілдірлер» жанкүйерлері алдындағы алғашқы ойыны 15 тамызға жоспарланған «Реал Сосьедадқа» қарсы жолдастық кездесу болуы мүмкін. Матч Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады.
Хаби Алонсо жаттықтыратын команда үшін бұл ойын Англия чемпионаты басталар алдындағы соңғы дайындық болмақ. Лондонға оралғанға дейін «Челси» Аустралия мен Азияда бірқатар жолдастық матчтар өткізуді жоспарлап отыр.
Ойын кеші тек футболмен шектелмейді. Клуб басшылығы жанкүйерлерге жаңа бас бапкер Хаби Алонсоны таныстырып, жазда құрамға қосылған жаңа ойыншыларды да таныстыруды көздеп отыр.
Егер Сәтпаев осы кездесуге қатысса, бұл қазақстандық футболшы үшін аңызға айналған «Стэмфорд Бридж» стадионында «Челси» жейдесімен алғашқы ойыны болмақ.