«Челси» қорғаушысы Мало Гюсто «Манчестер Сити» сапына ауысады

Фото: Getty Images
«Челси» клубының қорғаушысы Мало Гюсто «Манчестер Сити» клубына ауысуға келісім берді. Ағылшын клубы футболшымен келіссөздер жүргізген.
Foot Mercato мәліметінше, бұл трансферде шешуші рөлді Энцо Мареска атқарады. Ол Хосеп Гвардиола кеткеннен кейін «Манчестер Ситиді» тізгіндейді. Итальяндық маман Гюстомен 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың қаңтарына дейін «Челсиде» бірге жұмыс істеген.
Мареска француз қорғаушысын өз жобасының негізгі ойыншыларының бірі ретінде қарастырып отыр. Футболшының өзі де 2025 жылы бірге клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған жаттықтырушымен қайта жұмыс істеуге мүдделі.
Франциялық қорғаушы 2023 жылдың қаңтарында Лион клубынан «Челсиге» ауысқан. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 134 матч өткізіп, 3 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Манчестер Сити» 78 ұпаймен екінші орын алды. Ал Англия Премьер-лигасының чемпионы Арсенал болды.