«Челси» Трент Александер-Арнольдты қатарға қосуға мүдделі

«Реал Мадрид» ФК
Мадридтік «Реалдың» ағылшын қорғаушысы Трент Александер-Арнольд Англия Премьер-лигасына оралуы мүмкін. Оған «Челси» мен «Ливерпуль» клубтары қызығушылық танытып отыр.
Журналист Саймон Филлипстің мәліметінше, «Челси» басшылығы 28 жастағы футболшының Испаниядағы жағдайын бақылап отыр. Лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қорғаныстың оң қапталын күшейтуді көздеп, Александер-Арнольдты командаға шақыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұған дейін Алонсо «Реалды» жаттықтырған.
Алайда «Челси» бұл трансфер үшін «Ливерпульмен» бәсекеге түсуі мүмкін. Мерсисайдтық клуб өз түлегін қайта қатарға қосудың жолдарын қарастырып жатыр. Александер-Арнольд 2025 жылдың жазында «Ливерпульден» кеткен болатын.
Ағылшын клубтарының қорғаушыға қызығушылық танытуына оның Мадридте ойын тәжірибесінің аздығы себеп болып отыр. Бас бапкер Жозе Моуриньюдің жетекшілігімен Александер-Арнольд негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмай, оң қапталдағы бәсекеде әзірге жеңіліп жүр.
Ағымдағы маусымда ағылшын футболшысы барлық турнирде алты матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Оның «Реалмен» келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Айта кетейік, Александер-Арнольд «Ливерпуль» түлегі саналады. Ол клубтың негізгі құрамында 2016 жылдан 2025 жылға дейін ойнады. Мерсисайдтық командамен бірге Англия Премьер-лигасын екі рет жеңіп, УЕФА Чемпиондар лигасының чемпионы атанды.