«Даллас» сәтсіз маусымнан кейін бас бапкерін қызметтен босатты
Бөлісу

Фото: «Даллас Маверикс» БК ресми сайты
«Даллас Маверикс» басшылығы НБА-дағы сәтсіз маусымнан кейін ауқымды өзгерістер жасауға шешім қабылдады.
2021 жылдан бері команданы жаттықтырған Джейсон Кидд қызметінен кетті.
Бұл туралы инсайдер Шэмс Чарания хабарлады.
Шешімді клубтың жаңа президенті Масаи Уджири қабылдаған. Ол ұйымды мамыр айында Нико Харрисон кеткеннен кейін басқаруға келді. «Маверикс» құрылымындағы қайта құру жалғасуда. Бұған дейін техастық клуб Майк Шмитцті бас менеджер қызметіне тағайындаған еді.
2025/2026 жылғы маусым «Даллас» үшін соңғы жылдардағы ең сәтсіз маусымдардың бірі болды. Команда тұрақты чемпионатты 26 жеңіс және 56 жеңіліспен аяқтап, Батыс конференциясында тек 12-орын алды және плей-оффқа шыға алмады.